Лондонда Брексит тағдыры шешіліп жатыр
Британия парламентінде тарихи отырыс басталды. Ал ғимарат сыртында Брекситті қолдамайтындар наразылыққа шықты
Британия парламенті 40 жылдан кейін толық жиналып, Брексит тағдырын шешпек, деп хабарлайды ВВС. Қазіргі таңда Парламенттің жартысы Брекситті қолдаса, қалған жартысы қарсы екені белгілі.
Егер бүгін Парламент келісімге келмесе, Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонс Еуроодақтан Брексит уақытын кейінге қалдыруды сұрауы тиіс. Дегенмен, ол бұл қадамға бармай, Брекситті қалайда 31 қазанға дейін жүзеге асыратынын айтты. Парламент депутаттары алдымен пікір таластырып, ұсыныстарын білдіруде. Оған берілген уақытқа шектеу қойылмаған. Дауыс беру тек содан кейін басталады.
Айта кету керек, Ұлыбритания Еуроодақтан келісімсіз шықса, мемлекет шығынға ұшырайды.