Украинаның Қазақстандағы елшісі қашан тағайындалады
Әлі нақты шешім шықпаған
Украинаның Қазақстандағы елшісін тағайындау туралы әлі нақты шешім шықпаған. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров дәстүрлі брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«1961 жылғы дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы мен халықаралық тәжірибеге сәйкес, тараптардың бір-бірінің елшісін тағайындалуы - жабық процесс. Қашан, кім тағайындалатыны ешқашан айтылмайды. Бұл - жабық процесс», - деді ол.
Смадияров атағандай, тәжірибеде жылдап тағайындалмаған елшілер де болған.
Еске салайық, бұған дейін Врублевский орыс этносының өкілдеріне қатысты даулы мәлімдеме жасаған еді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Украина елшісінің пікірі орыстарға қауіп төндіреді деп айыптады. Елші ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақырылды, кейін өз сөздері үшін кешірім сұрады. Бірақ ол 2022 жылы қазанда қызметінен босатылды.