29.05.2023, 08:34
Саясат
Тоқаев Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
Ол екі елдің жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами беретінін айтты
Фото: t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын!
Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді», - деп жазды Президент Twitter-дегі құттықтауында.
Айта кетейік, бұған дейін Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған жеңіске жеткен болатын.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты