Президент ТМД елдерінің авторлық құқықты қорғау саласындағы ынтымақтастығы туралы заңға қол қойды

Azattyq Rýhy

Бұл заңды сенаторлар 2023 жылғы 11 мамыр күні мақұлдады

Президент ТМД елдерінің авторлық құқықты қорғау саласындағы ынтымақтастығы туралы заңға қол қойды
Фото: akorda.kz

2023 жылғы 30 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің авторлық құқықты қорғау саласындағы ынтымақтастығы туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Бұл заңды сенаторлар 2023 жылғы 11 мамыр күні мақұлдады және ол ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте авторлық құқық объектілеріне және сабақтас құқықтарға құқықтардың бұзылуына жол бермеу жөнінде тетіктерді жүзеге асырумен қатар, құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Авторлық құқықтық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету ТМД қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың ауқымын кеңейтуді көздейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.