НАТО ядролық қаруды тежеу бойынша жаттығулар өткізеді
Бұл туралы Брюссельде өткен брифингте НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путиннің ядролық қаруды қолданамын деген қоқан-лоққысынан кейін НАТО келесі аптада тағы бір жыл сайынғы ядролық тежеу жаттығуларын өткізетін болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy korrespondent.net-ке сілтеме жасап.
«Бұл біздің тосқауыл қоюымыздың қауіпсіз, сенімді және тиімді болуын қамтамасыз ету үшін жыл сайын өткізілетін әдеттегі жаттығулар», - деп түсіндірді ол.
Оқу-жаттығудың мақсаты – альянстың тиісті персоналы мен техникасының ең нашар сценарийге дайын болуын қамтамасыз ету. Қазіргі жағдайда – Альянс мүшелеріне «қауіпсіздік сезімін» қамтамасыз ету.
«Біз Ресейдің ядролық күштерін жіті қадағалап отырмыз. Біз Ресейдің ядролық күштеріндегі өзгерістерді көріп тұрған жоқпыз, бірақ біз қырағымыз», - деп қосты Столтенберг.