Мемлекет басшысы Ресейге және Әзербайжанға барады
Жұмыс сапары барысында стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері талқыланып, бірқатар құжатқа қол қойылмақ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақын күндері Ресейге және Әзербайжанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy БОРТ1 Telegram-каналына сілтеме жасап.
19 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласына (Ресей Федерациясы) жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Қазақстан мен Ресей басшылары кездесіп, екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды.
24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады. Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады.