05.08.2022, 13:51
Саясат
Петропавлға жаңа әкім тағайындалды
Бұл қызметке Руслан Аңбаев келді
Фото: Kapital.kz
Руслан Әкімжанұлы Аңбаев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады.
Руслан Аңбаев 1978 жылы 23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Целинное ауылында дүниеге келген. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
2020 жылдың қазанынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі қызметін атқарған.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
15.11.2026, 18:36
Астанада балағат сөздер айтқан такси жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)
