Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі ретіндей қарайды – ҚР СІМ

Azattyq Rýhy

Тайвань соңғы бірнеше жылдан бері тәуелсіздігін сұрап келеді

Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі ретіндей қарайды – ҚР СІМ

Қазақстан билігі Тайвань аралын Қытай Халық Республикасының ажырамас бір бөлігі ретінде қарайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы «Бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды. Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын сақтауды, атап айтқанда осы мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды жақтайды», - делінген ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың Тайвань бойынша түсініктемесінде.

Айта кетейік, Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Тайвань аралы соңғы бірнеше жылдан бері Қытай құрамынан шығып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болуды сұрап келеді.

Еске салайық, бұған дейін Санкт-Петербург экономикалық форумына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мойындалмаған Донецк пен Луганск республикаларын, Тайваньды тәуелсіз ел ретінде қарастырмайтынын мәлімдеген болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.