Бүгін, 15:58
Қоғам
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
Полиция бұл қоңыраулардың бәрін бұғаттаған
Фото: Ақорда
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен есеп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ақорда бұл қабылдаудағы маңызды фактілерді жария еткен.
Мәселен, Ержан Сәденовтің есебіне сүйенсек, полиция алаяқтарға алданған азаматтардың 6,5 миллиард теңгесін қайтарып берген көрінеді.
«Мұндай қылмыстың саны 21 пайыз азайды. Олардың жолын кесу мақсатында 8,7 мың алаяқтық және фишингтік сайт, сондай-ақ 187 миллион қоңырау бұғатталды», - деп хабарлаған Сәденов.
Президент ішкі істер министріне елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берген.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы