$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тайваньда экономикалық дағдарыс басталу қаупі бар

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Қытайдың наразылығына қарамастан 2 тамыз күні Тайваньға келді

Тайваньда экономикалық дағдарыс басталу қаупі бар
Нэнси Пелосидің Тайвань сапары, Фото: AP

Алдағы күндері Пекин Тайваньға жақын жерде зымырандар ұшыру арқылы өзінің күші мен мүмкіндіктерін көрсетеді, бірақ тікелей әскери қақтығысқа бармайды. Қытай билігінің әрекеті кезең-кезеңмен іске асырылуы мүмкін. Мұндай қадам Тайвань экономикасын құлдыратуға бағытталған. Сонымен қатар, аралға кибер және ақпараттық шабуылдар күшейеді деп болжануда. Бұл туралы Washington Post басылымы жазды.

Тайвань төңірегіндегі ауқымды дағдарыс АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси аралдан кеткеннен кейін басталады.

Қытайда Тайваньға зиян келтіретін құралдар жиынтығы өте көп. Басылым бұл орайда Қытай агрессивті шешім қабылдауы мүмкін екенін жазған. Салдарынан онсыз да қыл үстінде тұрған Қытай мен АҚШ қарым-қатынасы одан сайын нашарлай түседі деп болжануда.

Айта кетейік, АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Қытайдың наразылығына қарамастан 2 тамыз күні кешке Тайваньға келді. Соңғы 25 жыл ішінде аралға АҚШ-тың мұндай жоғары шенеунігі аяқ баспаған еді. Бұған дейін Тайваньға 1997 жылы Республикалық партияның сол кездегі спикері Ньют Гингрич сапарымен барған. Бұл жолы Пекиннің қатаң ескертулерін АҚШ-тың Ақ үйі назарға алмастан, «Бұл сапар егемендік мәселелерін бұзбайды» деп сендірді.

Euronews ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Пелоси өзінің сапарында Америка Тайванның демократиялық көзқарасын қолдайтынын айтты. Спикердің сөзінше, АҚШ-тың Тайваньмен ынтымақтаста болуы әлем үшін маңызды, себебі әлем автократия мен демократия арасында таңдау жасайды. Сонымен қатар, Америка Құрама Штаттары «статус-квоны біржақты өзгертуге» қарсы екенін жеткізді.

АҚШ Тайваньның шығыс жағалауына «Рональд Рейган» атом тасымалдаушысымен бірге әуе шабуыл тобын жіберді.

Қытай Қорғаныс министрлігі Пелосидің Тайпейге сапарына жауап ретінде «нүктелік әскери операциялар» сериясын жариялады. ҚХР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше бұл жаттығулар Қытайдың ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға бағытталған.

CNN ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэньмен кездесу аясында Америка Құрама Штаттары Тайваньнан бас тартпайтынын және қолдау көрсететінін айтты.

Цай Инвэнь АҚШ-тың аралымен қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін спикерге Тайваньның ең жоғары азаматтық марапатын табыстады.

Неліктен Қытай билігі Нэнси Пелосидің сапарына қарсы?

АҚШ-тың Демократиялық партиясының өкілі Нэнси Пелоси Қытай басшылығын және билігін ұзақ жылдар бойы сынға алған. Ол Қытайдағы адам құқықтарына қатысты мәселелерді жиі көтерген болатын.

1991 жылы Бейжіңдегі наразылықтар басылғаннан екі жыл өткен соң, сол кездегі Калифорния Конгресінің бұрынғы мүшесі Пелоси Қытай астанасына барады.

Конгресстің басқа екі мүшесімен бірге ресми эскорттан қашып, ол жергілікті биліктің рұқсатынсыз «Қытайдағы демократия үшін қайтыс болғандарды еске алу» деген жазуы бар баннермен қала алаңына шығады. Артынша полиция АҚШ конгресінің өкілін алаңнан қуады.

Сонымен қатар, Пелоси көптеген жыл бойы Қытайдың сауда мәртебесін және оның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттарында адам құқықтарын сақтауды талап етіп келді.

Айта кететін жайт, Нэнси Пелоси ресми түрде АҚШ-тағы билік жүйесіндегі үшінші тұлға. Мемлекет басшысы мен вице-президент өз міндетін орындай алмаған жағдайда, елді басқару Өкілдер Палатасы спикерінің қолына өтеді.

Пелосидің сапары Қытай үшін пайдаға жарауы мүмкін

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары жағдайды түбегейлі өзгертіп, ҚХР-ның аралмен қайта қосылу процесін тездетуі мүмкін, деп хабарлайды Global Times.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдайда Қытайдың жауабы тек Пелосиге ғана емес, Байден әкімшілігіне де ықпал етіп, екі ел арасындағы қатынастардың жан-жақты нашарлауының әкеп соғады.

«Қытайдың стратегиялық көзқарасы бойынша, Пелосидің аралға жоспарсыз сапары Қытай мен Тайваньның қайта қосылу процесін тездетуі мүмкін. Ол үшін Қытай АҚШ-тың арандатушылық әрекетін қолданады, бұл америкалық саясаткердің сапарынан әлдеқайда маңызды. Қытай қайта қосылу процесін тұрақты түрде жеделдетеді және АҚШ үстемдігінің әлемдік тәртіпте аяқталғанын жариялайды. Пелосидің бұл әрекеті америкалық гегемонияның аяқталуының бастауы болады», - дейді сарапшылар.

Қазіргі таңда нэнси Пелоси әлі де Тайвань сапарын жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары