$ 537.84  626.85  6.79
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Реформаларды іске асыру керек»: Тоқаев Бектеновке осы аптаның соңына дейін ғана уақыт берді

Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсарту жүктелді

«Реформаларды іске асыру керек»: Тоқаев Бектеновке осы аптаның соңына дейін ғана уақыт берді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды.

Серіктес жаңалықтары