«Ақшаларыңызды шешіп алады»: Бас прокуратура Қазақстандағы мұғалімдерге шұғыл ескерту жасады
Хакерлер енді мұғалімдерді ақшасына ауыз салды дейді құзырлы орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мұғалімдерге маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәлірек айтсақ, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы жаңа кибершабуылдар туралы дабыл қағып отыр.
«Шетелдік дереккөздерге сәйкес хакерлер АҚШ-тың 25 оқу орнындағы 6000-нан астам мұғалімнің ақшасын шешіп алған. Интернеттегі алаяқтар төлем деректемелеріне қол жеткізіп, ақшаны өздерінің банк шоттарына аударып алады», - деп хабарлайды Бас прокуратура.
Бас прокуратура бұл алаяқтық Қазақстандағы мұғалімдерге де зиянын тигізеді деп қорқады. Сондықтан, мұғалімдер пошталарына немесе жеке телефондарына келген сілтемені ашпай, сақ болған жөн дейді. Құпия сөздерін қиындатып, екі деңгейлі аутентификацияны пайдалануды ұсынады.