16.10.2025, 21:48
Жаңалықтар
Қайғылы жағдай: Алматыда жас футболшы матч барысында жағдайы күрт нашарлап, көз жұмды (ВИДЕО)
Жас талант 19 жасында өмірден өтті
Фото: Instagram/birinshiliga
«Хан-Тәңірі» футбол клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы хабарлама «Қазақстан Бірінші лигасының» ресми парақшасында жарияланды.
«Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз.
ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.
2006 жылы туған жас талант бүгінге дейін Бірінші лигада 18 ойында алаңға шыққан.
Айта кетейік, осыған дейін «Ақтөбенің» жас футболшысы туыстарымен бірге қайғылы жағдайда көз жұмғаны хабарланған.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды