16.10.2025, 21:30
Жаңалықтар
Балқашта 55 жастағы ер адам терең шұңқырға құлап кетті
Құтқарушылар 4 метрлік құдықтан ер адамды шығарды
Фото: pixabay
Балқаш қаласының Ә.Бөкейханов көшесінде 1970 жылы туған ер адам абайсызда тереңдігі 4 метр ашық құдыққа құлап түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасына зардап шегушіні алып шығу үшін көмек қажет болды.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел оқиға орнына келіп, адамды құдықтан шығарып, дәрігерлерге тапсырды.
ТЖМ мынаны еске салады:
- Техникалық люктерге жақындамаңыз, әсіресе қараңғы уақытта;
- Ашық және зақымдалған құдықтар туралы 112 нөміріне хабарлаңыз.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды