Путин Байденге жаңа санкциялар енгізілетін болса АҚШ-пен қарым-қатынасын бұзатынын айтты
Бұл мәселе екі ел басшысының телефонмен сөйлесуі кезінде көтерілді
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путин американдық әріптесі Джо Байденмен телефон арқылы сөйлескен кезде бір шарт бойынша елдер арасындағы қатынастардың бұзылуына жол берілетінін айтты, деп хабарлайды ТАСС.
Путин әріптесі Байденге жаңа санкциялар енгізілген жағдайда Ресей мен АҚШ арасындағы қатынастардың үзілетінін айтты. Ушаковтың айтуынша, Америка басшысы Украина шекарасындағы жағдай ушықса батыс елдері экономикалық және әскери салалардағы шараларды қоса алғанда, ауқымды санкциялар әзірлейтінін еске салды.
"Бірақ біздің президент бұған бірден жауап берді, Егер Батыс қандай да бір жағдайларда бұрын-соңды болмаған санкцияларды енгізуге шешім қабылдаса, мұның бәрі екі ел арасындағы қатынастардың толық бұзылуына әкелуі мүмкін. Ресейдің Батыспен қарым-қатынасына айтарлықтай зиян келеді", - деді Путиннің көмекшісі.
Ушаков Путин Байденге АҚШ қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы "негізгі ойды" айтқанын қосты. Мәскеу үшін осы тақырып бойынша келіссөздерде ымыраға келу маңызды емес, бірақ оның қажеттілігі туындаған қауіпсіздік кепілдіктері түріндегі нәтиже. Байден бұл тезиспен келісіп, оны қисынды деп санады.