31.12.2021, 21:51
Саясат
Ақ үй: Ресей мен АҚШ президенттерінің әңгімесі мазмұнды болды
Мемлекет басшылары әңгіме барысында өз ұстанымдарын атап өтті
Фото ашық дереккөзден
Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байденнің қазіргі телефон арқылы сөйлесуі мазмұнды және байсалды болды, деп Вашингтон әкімшілігінің жоғары дәрежелі өкілі екі ел басшыларының әңгімесінің нәтижелері туралы брифинг барысында бағалады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Екі президенттің әңгімесінің үні байсалды және мазмұнды болды. Олардың әрқайсысы алдыңғы қоңыраулар кезінде өз ұстанымдарын атап өтті", - деді Ақ үй өкілі.
АҚШ әкімшілігі өкілінің айтуынша, мұндай байланыс орнату орынды болды, өйткені "қарқынды дипломатия кезеңі" болады.
Айта кетейік, 30 желтоқсанда кешке Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байден телефон арқылы сөйлескен болатын.
Көп оқылған
15.11.2026, 11:03
«Жеңіл ақша» үшін SIM-карта рәсімдеу: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
15.11.2026, 15:43
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті
15.11.2026, 18:36
Астанада балағат сөздер айтқан такси жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды (ВИДЕО)
