Германия Лукашенконы Белоруссияның заңды президенті деп танудан бас тартты
Бұған дейін Германияның жаңа канцлері Лукашенконы «диктатор» деп атаған болатын

Германия үкіметі Беларусь Президенті Александр Лукашенконы Белоруссияның заңды көшбасшысы деп санамайды. Бұл туралы Германияның жаңа үкіметінің ресми өкілі Штеффен Хебештрайт мәлімдеді.
«Біз Лукашенконы Белоруссиядағы заңды билеуші ретінде қарастырмаймыз», - деді Хебештрайт Берлинде өткен брифингте. Осылайша, Германияның қазіргі басшылығы Лукашенконы Беларуссияның заңды президенті ретінде қарастыруды тоқтатты.
Бұған дейін жаңадан бекітілген Германия канцлері Олаф Шольц Лукашенконы "диктатор"деп атаған болатын.
Ал бұрынғы канцлер Ангела Меркель Лукашенкомен келіссөздерде соншалықты қатал болған жоқ, оны Беларусь басшысының өзі де растады.
Сонымен қатар, Шольц 12 желтоқсанда Польша билігімен Белоруссияға қарсы жаңа санкциялар пакетін қабылдауды талқылаған еді.