Атырау облысының әкімі орынбасарларының кінәсі дәлелденсе отставкаға кетуге дайын

Azattyq Rýhy

Пара алды деген күдікке ілінген облыс басшысының орынбасары Бақытгүл Хаменова қазір үйқамақта

Атырау облысының әкімі орынбасарларының кінәсі дәлелденсе отставкаға кетуге дайын
Фото ашық дереккөзден

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасарларының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. Өңір басшысының мәлімдемесін Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады.

Әкімдіктің баспасөз қызметі Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Әкімдіктің ресми өкілі облыс әкімі бұған дейін қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдегенін айтты.

"Махамбет Досмұхамбетов бұған дейін де заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп күдікке ілінген орынбасарларының бірі сот үкімі бойынша кінәлі деп танылса, қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеген", - деді әкімдік өкілі.

Айта кетейік, өткен аптада Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.