$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2020, 18:39
Саясат

АҚШ пен Иран арасындағы текетірес Қазақстанға қалай әсер етеді?

«Azat Podkast» жобасы бұл сауалдың жауабын сарапшылардың бірінен сұрап көрді

Қазақстан Таяу Шығыстағы шиеленіске алаңдаушылық білдіреді. Сондықтан ахуалдың ушығып кетпеуі үшін тараптарды ұстамдылық танытуға және жанжалды шешудің саяси-дипломатиялық жолдарын іздеуге шақырады. Бұл туралы еліміздің Сыртқы Істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесу кезінде мәлімдеді.

Саясаттанушы Жұмабек Сарабеков Иран мен АҚШ арасында қарулы қақтығыс басталып кетуі әбден мүмкін деп есептейді. Бұл онсыз да шатқаяқтап тұрған Таяу Шығыстағы саяси ахуалды одан сайын ушықтырып жіберетіні анық. Ал екі алып державаның текетіресі дүниежүзілік геосаясатқа, Орталық Азияға оның ішінде Қазақстанға қалай әсер етеді? Өйткені, Каспий теңізі арқылы шектесетін Қазақстан мен Иранның өзара алыс-берісі жаман емес. Ислам Республикасы қазақтың астығын тонналап сатып алып отырған бірден-бір ел. Ал Иранның негізі көзірі - Ормуз бұғазы. Себебі парсы шығанағында өндірілетін мұнайдың басым бөлігі осы бұғаз арқылы шетелдік нарыққа  экспортталады. Енді Ақ үй Иранға санкция салса, ресми Тегеранның Орталық Азия мемлекеттерімен саудасы тоқтап қалмай ма? 

Осы және басқа да сұрақтардың жауабын «Azat Podkast» жобасынан көріңіз.

Серіктес жаңалықтары