$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2020, 09:47
Саясат

Хорватия халқы бұрынғы премьер-министрді президент етіп сайлады

Республиканың қазіргі президенті Колинда Грабар-Китарович 46% дауыс жинады

Хорватия халқы бұрынғы премьер-министрді президент етіп сайлады
Фото: reuters

Мемлекеттік сайлау комиссиясының есебі бойынша Хорватиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде бұрынғы премьер-министр, социал-демократиялық партия атынан сайлауға түскен кандидат Зоран Миланович жеңіске жетті.

Сайлау нәтижесі бойынша Миланович 54% дауыс жинады, ал оның қарсыласы, республиканың қазіргі президенті Колинда Грабар-Китарович 46% дауыс жинаған.

Хорватиядағы президент сайлауының бірінші туры 22 желтоқсанда өтті. Ол кезде сайлауға түскен 11 кандидаттың бірде-бірі 50% дауыс жинай алған жоқ. Бірінші турда Миланович 29,5% дауыспен бірінші орынға шықты, ал екінші орын Грабар-Китаровичке (26,7%) бұйырды. Осылайша, бірінші турда ең көп дауыс жинаған екі кандидат келесі кезеңге өтті.

Серіктес жаңалықтары