ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Қытайдың Ухань провинциясында пайда болған обадан Қазақстанға қауіп жоқ

Шекара арқылы Қазақстанға без обасы сияқты қауіпті дерттің келуіне жол берілмейді

Елге сырттан келетін жолаушылар мен өзге де мақсаттағы шетел азаматтарына бақылау күшейтілді. Ол үшін шегаралық бекеттерге тепловизорлар мен арнайы пирометр қондырғылары орнатылған. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісінің сауалына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметінің жауабында айтылды.

"Қазақстан шекарасы арқылы қандай да бір жұқпалы аурудың тарамауы үшін адамдар мен тауарлардың ел шекерасынан өтуі қатаң бақыланады. Жолаушылар термометриялық тексеруден өтіп, күдікке ілінген жағдайда сол жерде медициналық тексеруден өткізіледі. Халықаралық талаптарға сай шетелде жұмыс істейтін Қазақстан елшілігінің қызметкерлері бекітілген тәртіп аясында өздеріне жүктелген міндеттерді атқарып жатыр. Қазақстанның құс тұмауы, шошқа тұмауы және түрлі пневмонияларға қатысты жұқпалы эпидемия кезінде жұмыс істеу тәжірибесі қалыптасқан",- дейді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Қытайдан Қазақстанға қатынайтын халықаралық рейстер кестеге сай ұшып жатыр. Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайына Бейжің, Санья, Гуанжоу және Үрімші қалаларынан ұшақтар қатынайды. Ал Алматы қаласына Бейжің, Ханкоу, Үрімші, Сиань, Санья қалаларынан тікелей рейстер тіркелген. Одан тыс Нұр-Сұлтан-Үрімші бағытымен "Достық" бекеті арқылы теміржолмен аптасына бір рет жолаушылар пойызы қатынайды. Ал без обасының ошағы саналатын Ухань провинциясынан тікелей әуе немесе теміржол қатынасы жоқ.

Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымованың айтуынша, ДДҰ мәліметтерінде 2019 жылы әлемде 86 оба дертіне шалдыққан адам анықталған.  

«Оның ішінде 32 жағдай өліммен аяқталған. Мадагаскарда- 46, Қытайлда-4, Моңғолияда-2, Конго республикасында- 31, Уганда елінде-2, АҚШ- та 1 жағдайдай тіркелген. Осылардың ішінде ең адамның көп өлу жағдайы Мадагаскар мен Моңғолияда орын алса, Қытайда обадан адам өлмеген»,- дейді аймақтық департаменттің басшысы.

Ал Ухань провинциясында тіркелген без обасының пневмониялық сипат алуы рас.  Ол қандала арқылы кеміргіштерге беріледі, ал кеміргіштер адамдар арасында тарататын жұқпалы аурудың формасы.  Қазақстанда обаның бірнеше ошағы бар.

«Алайда өткен ғасырдың басынан бері еліміздің аумағында мұндай қауіпті жұқпалы дерттен зардап шеккен жағдайлар тіркелген жоқ»,- дейді эпидемиолог.

Айта кетейік кешелі бері әлемдік ақпарат құралдары, соның ішінде РИА ақпарат агенттігі Қытайдың Ухань аймағында қауіпті вирустың адам өміріне қауіп төндіріп жатқанын жазды. Басылым обадан 300 адамның өлгені туралы деректер келтіреді. Негізінен кеміргіштер арқылы тарайтын жұқпалы дерттен 2003 жылы Қытайда 800 адам өліп, билік 3,5 млн егеуқұйрықтың көзін жойған деген ақпараттар тарап жатыр.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы