$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.12.2019, 10:47
Саясат

Помпео Қазақстанға 5 қаңтар күні келеді

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Орталық Азия жөніндегі стратегиясын таныстырмақ

Помпео Қазақстанға 5 қаңтар күні келеді

Америка құрама штаттарының мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға 5 қаңтар күні келеді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі твиттер аккаунтына жазды.

«2020 жылдың 5 қаңтарында хатшы Нұр-Сұлтанға барады. Сапар аясында американдық дипломат Қазақстан басшылығымен кездеседі», - деп хабарланған СІМ-нің твиттер аккаунтында.

Бұған дейін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді хабарлағандай, АҚШ-тың мемхатшысы Қазақстанда алғаш рет АҚШ-тың Орталық Азия жөніндегі стратегиясын таныстырмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемхатшысының шақыруымен құрама штаттарға сапарлаған болатын. Кейін, Мұхтар Тілеуберді Майк Помпео 2020 жылдың басында Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары