$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.12.2019, 11:15
Саясат

АҚШ-тың Мемхатшысы Қазақстанда Орталық Азия жөніндегі стратегияны таныстырады

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлім етті

АҚШ-тың Мемхатшысы Қазақстанда Орталық Азия жөніндегі стратегияны таныстырады

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 2020 жылдың басында Қазақстанға ресми сапар жасайды. Ресми сапарының аясында ол АҚШ-тың Орталық Азия жөніндегі стратегиясын таныстырмақ.

«Ең алдымен, АҚШ-тың Орталық Азия жөніндегі стратегиясын танысытырады деп күтіп отырмыз.  Бұндай құжат алғаш рет қабылданғалы отыр», - деді Мұхтар Тілеуберді Үкіметте журналистердің сұрағына жауап бере отырып. Екіншіден, Сыртқы істер министрінің айтуынша, Қазақстан Мен АҚШ-тың екі жақты қарым-қатынасы толықтай қаралады. «Яғни, стартегиялық әріптестігімізді ары қарай жалғастыру мәселелері қаралмақ», - дейді СІМ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемхатшысының шақыруымен құрама штаттарға сапарлаған болатын. Кейін, Мұхтар Тілеуберді Майк Помпео 2020 жылдың басында Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлады.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары