ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус анықталды

Қасым-Жомарт Тоқаевты бірқатар ел президенттері мерекемен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан және Беларусь президенттерімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан және Беларусь президенттерімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың даму қарқынын оң бағалап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар Беларусьтің 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақ ұйымына төрағалық етуіне байланысты еуразиялық интеграция аясындағы өзара іс-қимылдарды одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.

Президенттер бір-бірін Жаңа жылмен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға жауапты мемлекеттік қызметте табыс, достас беларусь халқына бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар Қазақстан президентінің биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қарастырылды. Өзбекстандағы Қазақстан жылының табысты өтуіне ерекше мән берілді. Оның аясында мәдениет, өнер және білім салалары бойынша ықпалдастықты жандандыру жөнінде көптеген шара ұйымдастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, оған мемлекеттік қызметте табыс, бауырлас өзбек халқына бақ-береке тіледі.