14.06.2021, 13:16
Саясат
АҚШ-тың Ауғанстанды бітістіру жөніндегі арнайы өкілі Қазақстанға келді
Тараптар ауған бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты
фото: СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Ауғанстанды бітістіру жөніндегі арнайы өкілі Залил Халилзадты қабылдады.
Кездесу барысында тараптар Ауғанстандағы ағымдағы жағдайды және ауғанаралық диалогты жолға қою процесін талқылады.
«Қазақстан Ауғанстанды дамытуға, оның ішінде Орталық Азия мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі тетігіне айналған С5+1 форматы шеңберінде жәрдемдесу бойынша күш-жігерін салуды жалғастырады», - деп мәлімдеді кездесуде М.Тілеуберді.
Тараптар ауған бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)