$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.06.2021, 11:18
Саясат

«Nur Otan»-да жастарға арналған бағдарламаны іске асыру бойынша 216 Жол картасы бекітілді

Алдағы бес жыл ішінде 35 жасқа дейінгі 4,5 миллионнан астам жас қазақстандықты қамтитын 6,5 мың іс-шара іске аспақ

«Nur Otan»-да жастарға арналған бағдарламаны іске асыру бойынша 216 Жол картасы бекітілді

«Nur Otan» партиясы аймақтық филиалдары Саяси кеңесі Бюросының шешімімен «Жастар-Отанға!» бағдарламасын іске асыру бойынша еліміздің әрбір аудан, қала және облысы үшін 216  Жол картасы бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселен, алдағы бес жыл ішінде 3,5 мыңға жуық индикаторға қол жеткізу, 35 жасқа дейінгі 4,5 миллионнан астам жас қазақстандықты қамтитын 6,5 мың іс-шараны іске асыру жоспарлануда.

«Жастар-Отанға!» бағдарламасы, жастардың өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған 5 бағыттағы жұмысты қамтиды: азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмыспен қамту, қолжетімді баспана және жас отбасыларды қолдау, тұлға ретінде даму мен бос уақытты тиімді өткізу.

Атап айтқанда, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтық қысқартылады, жастардың ғылыми-зерттеу әлеуеті артады, отбасы институтына, сондай-ақ жас дарындарға жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Өңірлерде жастарға берілген сайлауалды уәделерді орындауға кірісіп кетті. Мысалы, Түркістан облысында Жол картасына «Жасыл ел» жобасы арқылы 6400 жасты жұмысқа тарту, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы 1048 жасты жұмысқа орналастыру және т.б. жоспарлар енгізілген.

Нұр-Сұлтанда жыл сайын пәтер сатып алуға 7 млрд. теңге бөлінетін «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады, ал Алматыда «Алматы жастары» жобасы аясында 2025 жылға дейін тұрғын үй сатып алуға 5 мың жас отбасы несие алады.

Ақмола облысында 2025 жылға дейін 2 700 орындық 7 студенттік жатақхананың құрылысы аяқталады. Петропавлда 2021 жылы Жастар театрының ашылуы жоспарлануда.

Алматы облысында жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру үшін өңірлік бағдарлама жыл сайын 2 мыңға жуық жасты жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге уәде береді.

Қостанай облысында бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, 2025 жылға дейін бағдарламаны іске асыру шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында жасанды жабыны бар 30 шағын футбол алаңы, жүзу бассейні, 10 стритбол алаңы, 12 стрит-воркаут алаңы, 29 хоккей корты салынады.

Сонымен қатар, «Жастар – Отанға!» жастар кәсіпкерлігін дамытуға көңіл бөлінуде. Мәселен, Маңғыстау облысында жыл сайын 500 жас «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша тегін білім ала алады. Ал Тараз қаласында 2023 жылы «SMART» оқу орталығын ашу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетсек, маусым айының басында партияның Саяси кеңесі Бюросының шешімімен «Жастар-Отанға!» бағдарламасын іске асыруға 2025 жылға дейін республикалық Жол картасы бекітілді. Орталықта және жергілікті жерлерде бағдарламаның іске асырылу барысын Мәжіліс пен мәслихаттардың 616 жас депутатынан тұратын жаңадан құрылған Корпус бақылайды. 

Серіктес жаңалықтары