Ухнаагийн Хурэлсух Моңғолия президенті болды
Оған елдің 815 мыңнан астам тұрғыны дауыс берген
Ухнаагийн Хурэлсух Моңғолия президенті атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Монцамэ агенттігіне сілтеме жасап.
Моңғолияда президенттік сайлау аяқталды. Алдын ала мәлімет бойынша, Моңғол Халық партиясынан кандидат Ухнаагийн Хурэлсух көп дауыс жинап, жеңіске жетті. Соңғы деректерге сәйкес, Хурэлсухқа 67,6 пайыз, яғни 815 мың 267 сайлаушы жақтап дауыс берген. Демократиялық партиядан қатысқан үміткер С. Эрдэнэ небәрі 6 пайыз, яғни 72 мың дауыс жинаған. «Дұрыс адам – Электорат» коалициясының үміткері Д. Энхбатаға сайлаушылардың 20,2 пайызы - 242 мыңнан астам тұрғын дауыс берді.
Сайлауда басымдықпен жеңіске жеткен 53 жастағы жаңа президент 2017 жылдың қазанынан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта Монғолияның премьер-министрі болған.