Мектеп тапшылығы болады: Қазақстанда өткен жылы 460 мың сәби дүниеге келген

Үкімет тығырықтан шығар жол іздеп жатыр

Мектеп тапшылығы болады: Қазақстанда өткен жылы 460 мың сәби дүниеге келген

ҚР БҒМ мәліметінше, Қазақстанда бүгінгі таңда 7 429 мектеп жұмыс істейді, онда 3,4 млн бала білім алады. Бұл мектептердің 137-сі үш ауысымды. Тағы 34 мектеп апатты жағдайда деп жазады Energyprom.kz.

Primeminister.kz сайтының мәліметінше, елдегі 17 өңірде мектептегі орын тапшылығы 168 мыңды құраған. Ал, «Атамекен» ҰКП Адам капиталын дамыту департаментінің директоры Ләззат Шонаеваның айтуынша, 2021 жылы тапшылық 264,8 мың орынды құрайтын болады.

Бүгінгі таңда Үкімет еліміздегі мектеп тапшылығы проблемасын шешу жолдарын жан-жақты қарастырып жатыр. Атап айтқанда, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында оқу орындарын салу, жекеменшік мектептер санын арттыру, мемлекеттік бюджеттен мектеп салу және модульді конструкциялардан мектеп салу.

Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі облыс әкімдіктерімен бірге елімізде 800 мектеп салудың жол картасын әзірлеп жатыр.

Айта кету керек, 2020 жылы Қазақстанда бала туу көрсеткіші бойынша жаңа рекорд орнап, дүниеге 460 мың сәби келген. Бұған дейін жыл сайынғы көрсеткіш 400 мың шамасында болған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.