14.04.2021, 17:50
Саясат
Қазақстанға басқа да шетелдік вакцинаның 500 мың дозасы әкелінбек
ДСМ вакцина бойынша бірнеше елмен келіссөз жүргізіп жатыр
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
Сәуір айының соңына дейін Қазақстанға ресейлік «Спутник V» вакцинасының 910 мың дозасы, одан бөлек шетелдік вакцинаның 500 мың дозасы келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов мәлім етті.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда коронавирус вакцинасының І компонентін 435 мың адам, II компонентін 170 мың адам салдырған.
Жоспар бойынша, сәуір айының соңына дейін Қазақстанда 2 млн адам вакцинациядан өтуі тиіс. Сондықтан, жақын арада отандық ғалымдар әзірлеген QazVac вакцинасының 23 мың дозасын шығару жоспарланып отыр.
Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды