ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 142 адамнан коронавирус анықталды

Нұрсұлтан Назарбаев Жансейіт Түймебаевқа тапсырма берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy elbasy.kz сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ассамблеяның атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берілді.

«Ассамблея алдындағы міндеттер айқын. XXVII сессияда қабылданған шешімдер бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары жарияланды. Енді өңірлік этномәдени бірлестіктерді тарта отырып жергілікті жерлерде жұмысты ілгерілету және түсіндіру маңызды. Барлық облыста тиісті жұмысты жолға қою қажет», - деді Елбасы

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА жұмысын халықаралық бағытта күшейтудің маңыздылығына назар аударды.

«Сіздің тапсырмаларыңызды орындау үшін Ассамблея жұмысын жандандыру бойынша бірқатар шара қабылданды. Негізгі басымдықты өңірлерге бердік. Соңғы 2 айдың ішінде 2000-нан астам іс-шара өткізіліп, 4,5 милионнан астам адам қатысты», - деді Жансейіт Түймебаев.

Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.