$ 549.15  643.88  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.11.2020, 09:59
Саясат

«Масқара» – Лукашенко АҚШ-тағы президент сайлауына қатысты пікір білдірді

Сонымен бірге, ол батыс елдері Америкадағы сайлау кезінде өрескел заңбұзушылықтарға мән бермейтінін айтты

«Масқара» – Лукашенко АҚШ-тағы президент сайлауына қатысты пікір білдірді
Фото: ашық дереккөзден

Беларусь президенті Александр Лукашенко АҚШ-тағы президенттік сайлау – «демократияны қорлау үлгісі» деп баға берді. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі Лукашенконың БЕЛТА агенттігіне берген сұхбатына сілтеме жасап хабарлайды.

Беларусь басшысы АҚШ-тағы сайлаушылардың дауыстарын санауда қиындықтар туындағанын атап өтті. Бірақ ол «әлемдік қауымдастық» бұған мән бермеді дейді.

Лукашенко Батыс державаларына сауал жолдады. «Минскіден талап еткендей, Вашингтоннан да жаңа сайлау өткізу талап етіле ме?» деді ол.

«ЕҚЫҰ бұған қалай жауап береді екен, көреміз. Қайта сайлауды талап ету керек. Себебі онда (АҚШ-та) бәрі, тіпті, ішкі заңнама бұзылған. Немістер, француздар, супердемократтар, англо-саксондар және басқалары не дейді екен, өте қызық», - дейді Беларусь басшысы.

Сонымен бірге, ол батыс елдері америкадағы сайлау кезінде өрескел заңбұзушылықтарға мән бермейтінін, өйткені олардың «қорқатынын» айтты.

Серіктес жаңалықтары