08.11.2020, 22:29
Саясат
Назарбаев мемлекет қайраткері Бижамал Рамазанованың туған-туыстарына көңіл айтты
Ол Бижамал Рамазанованың еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқанын атап өтті
Фото: ашық дереккөзден
Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бижамал Рамазанованың қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі elbasy.kz-ке сілтеме жасап.
Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бижамал Рамазанованың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Бижамал Рамазанованың өзіне сеніп тапсырылған жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды