Шұғыл26 қазаннан бастап Қазақстанға ұшып келген жолаушылардың бәрінде ПТР анықтамасы болуы керек

Бауыржан Байбек жаңаөзендіктермен Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасын талқылады

Бағдарламада қаладағы ең өзекті проблемаларды шешу жолдары қаралған

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Маңғыстау облысына жұмыс сапары Жаңаөзен қаласында жалғасты. Ол мұнда қала тұрғындары мен партияның таяудағы 5 жылға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасының жобасын қарады. Сапар барысы туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары өзінің Facebook-парақшасында арнайы жазба жариялады.

«Праймериз барысында қала тұрғындарынан 100-ден астам ұсыныс түсті, оның ішінде денсаулық сақтау мен білім беру деңгейін көтеру, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, жолдар мен аула алаңдарын салу, ауыз сумен қамтамасыз ету және басқалары бар. Бұл мәселелер бағдарламаны жетілдіру кезінде көрініс табатын болады. 

Қазақ газ өңдеу зауытының ұжымымен кездесуде кәсіпорынды ары қарай жаңғырту мәселесін талқыладық. Бұл жобаны іске асыру «Nur Otan» партиясының қалалық сайлауалды бағдарламасына да енгізілген. Жалпы, тұрғындарды жұмыспен қамту үшін қалада 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда», - деді Бауыржан Байбек. 

Сонымен бірге ол Н. Нұрғалиев, Ж. Ерғазиев, Н. Алланазаров, Ғ. Махамбетов және А. Табылдиев сынды азаматтарды қабылдап, көтерген мәселелерін тыңдады. Қабылдаудан соң Партиялық бақылау комитеті мен филиал басшылығына әрбір өтінішті мұқият қарауды тапсырды.

Партияның Жаңаөзен қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының жобасымен primaries.kz сайтынан танысуға болады.