Қырғызстанда билік Садыр Жапаровтың қолына өтті

Парламент спикері президенттің міндетін атқарудан бас тартты

Қырғызстанда билік Садыр Жапаровтың қолына өтті
Фото: ашық дереккөзден

Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров парламент спикері президенттік өкілеттігін орындаудан бас тартқанын, яғни жоғарғы билік Жапаровтың өзіне өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін бәрі өз орнына келді. Экс-президент отставкаға кетті. Парламент спикері Қанат Исаев оның міндетін орындаудан бас тартты. Енді президент және премьерминистрдің міндеті маған өтті. Сенім білдіргендеріңізге рахмет», — деді Садыр Жапаров алаңға жиналған жақтастарына.

Естеріңізге сала кетсек, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Қырғызстан конституциясына сәйкес, президент өз өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда билік парламент төрағасына өтеді. Қазір Жогорку Кенеш спикері - Қанатбек Исаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.