$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2020, 14:18
Саясат

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті

Ол 2017 жылы Қырғыз Республикасының президенті болып сайланған

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы president.kg сайтында жарияланды. 

«Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым.

Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын...», - делінген Жээнбековтің үндеуінде.

Қырғызстан конституциясына сәйкес, президент өз өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда билік парламент төрағасына өтеді. Қазір Жогорку Кенеш спикері - Қанатбек Исаев.

Еске сала кетейік, Сооронбай Жээнбеков 2017 жылы Қырғыз Республикасының президенті болып сайланды.

Серіктес жаңалықтары