Астанада V Еуразиялық экономикалық форумы өтіп жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларын және делегация жетекшілерін қарсы алды
Биыл халықаралық пікірталас алаңында «ЕАЭО жаһандық цифрлық бәсекеде: жасанды интеллектіге басымдық» тақырыбы талқыланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев форумға қатысу үшін Астанаға келген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларын және делегация жетекшілерін қарсы алды.
Құрметті қонақтардың қатарында Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, Куба Республикасының вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса, Вьетнам премьер-министрінің орынбасары Хо Куок Зунг, Моңғолия премьер-министрінің орынбасары Нямтайширын Нормтойбаяр, ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев және өзге де ресми тұлғалар бар.