28.05.2026, 18:15
Саясат
Тоқаев пен Путин «Достық» аллеясына барып, емен екті (ВИДЕО)
Емен екі ел арасындағы өзара құрмет пен берік достықтың белгісі дейді Ақорда
Фото: Ақорда
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Астанада емен екті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Екі президент Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті. Емен ағашы екі мемлекет арасындағы өзара құрмет, берік достық және сан қырлы ынтымақтастық символы ретінде егілді», - деп жазылған Ақорданың ақпаратында.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Қазақстан «Балқаш» АЭС құрылысы үшін Ресейден 16 млрд доллар көлемінде несие алады.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады