$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.04.2021, 16:54
Кейіпкер

АҚШ-та хоккей клубына бас бапкер болған тұңғыш қазақстандық қыз Тоқаевтың алдында сөз сөйледі

Бұлбұл Қартанбай - «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы

АҚШ-та хоккей клубына бас бапкер болған тұңғыш қазақстандық қыз Тоқаевтың алдында сөз сөйледі
Бұлбұл Қартанбай, фото: akorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты.

Президент жоба жеңімпаздарын құттықтап, олардың өз дарынымен көпшілікті мойындата білгенін, мемлекетімізді өркендетуге айырықша үлес қосып келе жатқанын айтты.

Онлайн форматта өткен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының кездесуінде ерікті-студент Дарын Әбілжанов, ғалым, адамдар мен жануарларға вакцина әзірлеуші Қайсар Табынов, ІТ-маман, робот техникасы мектебінің негізін қалаушы Дамир Нүркежанов, химия пәнінің жас оқытушысы Ұлан Үсенов, сызу пәнінің мұғалімі, өз ауылында көпір салу бастамасын көтерген Ахат Рақышев, инженер-өнертапқыш Санжар Тайжан, АҚШ-тың хоккей клубына бас бапкер болған тұңғыш қазақстандық қыз Бұлбұл Қартанбай, эколог Екатерина Вибе, сондай-ақ, ақын, әлем әдебиетін қазақ тіліне аударып жүрген Серікжан Қажытай сөз сөйледі.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесуде сөйлеген сөзін сілтемеден оқи аласыз. 

Серіктес жаңалықтары