Жүрек трансплантациясын жасатқан алғашқы қазақстандық праймеризге қатысып жатыр
Жәнібек Оспанов бүгінде «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі
Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен 2001 жылдан бері 24 қыркүйекте Дүниежүзілік жүрек күні атап өтіледі. Қазақстанда алғаш рет жүрек трансплантациясы 2012 жылдың 8 тамызында Қостанай облысы Рудный қаласының тумасы Жәнібек Оспановқа жасалды.
Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстанда бірінші болып күрделі операция жасатқан, бүгінде «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігіне жетекшілік етіп, сапалы медициналық көмектің қолжетімділігімен айналысатын Жәнібек Оспановпен әңгімелесіп қайтты.
Жәнібек Оспанов сол бір жағдайдан кейін елордада қалып, қалған ғұмырын өзі сияқты қиын жағдайда жүрген науқастарға көмектесуге арнаймын деп шешкен. Одан бөлек, кейіпкеріміз елімізде ағза трансплантациясы бойынша қандай қиындық барын да айтып берді. Айтуынша, елімізде мықты мамандар, қажетті инфрақұрылым болғанымен, ағза трансплантациясы үшін қажетті донорлық жетіспейтінін айтты.
Сондай-ақ ол «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып жатыр.