04.09.2026, 09:48
Жаңалықтар
Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)
Қайғылы оқиға Ресей Краснояр өлкесінде болған
Фото: istockphoto.com
Ресейде ішімдікке сылқия тойған әжей немересіне бас-көз болмай, салдарынан үйін өртеп жіберген. Өкінішке қарай, төтенше жағдайдан бүлдіршін тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі РенТВ-ға сілтеме жасап.
Екі жасар бүлдіршіннің ата-анасы жұмысына кетер уақытта әжесіне қалдырып кеткен. Әйел адам күні бойы ішімдік ішіп, немересіне бас-көз болмаған. Оның айтуынша, сәби қолына түскен темекі тұтатқышпен пердеге от қойған.
Өрт кезінде әжей үйінен шығып үлгергенмен, сәбиді құтқару мүмкін болмаған. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр