Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына шықты
Кездесу 6:2, 6:4 есебімен аяқталып, 1 сағат 8 минутқа созылды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты. Әлемнің екінші ракеткасы екінші кезеңде WTA рейтингінде 105-орында тұрған испаниялық Джессика Бузас Манейроны жеңді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу 6:2, 6:4 есебімен аяқталып, 1 сағат 8 минутқа созылды.
Рыбакина жеті эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді. Ол алты брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал Бузас Манейро бірде-бір эйс жасаған жоқ, қос қателікке жол бермеді және екі брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді.
Үшінші айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 58-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцевамен кездеседі.
Айта кетейік, US Open-2026 турнирі 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді.