Адам ұрлау, бопсалау: Қазақстанда рэкет жасаған 24 қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 169 адам, оның ішінде топ жетекшілері ұсталды

ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің бірқатар өңірде 24 қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК мәліметінше, бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстарды жасады деген күдікпен 169-дан астам адам, оның ішінде топ жетекшілері ұсталды.

«Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастырумен байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.