$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.09.2020, 17:38
Кейіпкер

Өскемендік оқушы халықаралық олимпиадада күміс жүлде алды

Жарысқа 80-нен астам елдің оқушылары қатысты

Өскемендік оқушы халықаралық олимпиадада күміс жүлде алды
Фото: facebook.com/ioinformatics.org

Қазақстанның құрама командасы информатика бойынша халықаралық олимпиадаға (International Olympiad in Informatics – IOI-2020) қатысты. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IOI-2020 нәтижелері бойынша Өскемен қаласы «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің түлегі Байболов Темірлан күміс медаль жеңіп алды.

Биыл жарысқа 80-нен астам елдің оқушылары қатысты. Қазақстандық команданың құрамына информатика пәні бойынша республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған 4 оқушы кірді.

Информатика бойынша халықаралық дода аясындағы интеллектуалды біріншілікте бүкіл әлемнің жас программистері жиналатынын айта кеткен жөн. Аталған олимпиада күллі әлем бойынша ақпараттық технологиялар саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

Серіктес жаңалықтары