$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада лифт есігін сындырып, шахтаға құлап кеткен ер адам сотталып кетті (ВИДЕО)

Елордада бұзақылар мен қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы күрес күшейтілді

Астанада лифт есігін сындырып, шахтаға құлап кеткен ер адам сотталып кетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Астанада бұзақылық және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне қарсы белсенді жұмыс жүріп жатыр. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, тәртіп сақшылары екі бұзақыны анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көпқабатты үйлердің бірінде 38 жастағы ер адам лифт есігін теуіп, сындырған, соның салдарынан шахтаға құлап кеткен. Оқиға кезінде лифт ішінде болған 31 жастағы жолаушы да зардап шеккен. Екеуі де құтқарушылардың көмегімен шығарылып, медициналық көмек алған. Бұзақылық жасаған ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамалды.

Ал тағы бір жағдайда полиция 51 жастағы ер адамды қолға түсірді. Ол Абылай хан көшесіндегі полиция бекетінің терезесін әдейі сындырған. Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігімен іс қозғалып, материалдар мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданды.

Полиция департаменті астаналықтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және заң бұзушылыққа жол бермеуге шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін де елордалық тұрғын үйлердің бірінде ер адамның лифт шахтасына құлағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары