Сексуалды сипаттағы қылмысы үшін сотталған: түрмеде жатқан ер адамды шатастырып босатып жіберген
Оқыс оқиға Ұлыбританияның Лондон қаласында болды
Ұлыбританияда Лондон полициясы эксгибиционизм және басқа да қылмыстар үшін сотталған Алжир азаматы Брахим Каддур-Шерифті қамауға алды. Ол түрмеде отыруы тиіс еді, алайда бюрократиялық қателік салдарынан бостандыққа шығып кеткен. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Осылайша, британиялық құқық қорғау органдары соңғы күндері Лондонның оңтүстік-батысындағы «Уондсворт» түрмесінен қателесіп босатылған екі сотталғанды қайта қамауға алды.
Айта кетерлігі, апта басында да осындай жағдай болған: 35 жастағы Уильям Смит – алаяқтық үшін төрт жылға жуық мерзімге сотталған британ азаматы кеңсе қателігіне байланысты босап кеткен. Ол туралы журналистер хабар таратқан соң, үш күннен кейін өз еркімен түрмеге қайта оралған.
Ал 24 жастағы Брахим Каддур-Шериф 29 қазанда «Уондсворт» түрмесінен қателесіп босатылған.
Каддур-Шериф 2019 жылы Ұлыбританияға заңды түрде келген, алайда визасының мерзімі аяқталғаннан кейін елде қалып қойғаны анықталған. Бұл жөнінде иммиграциялық қызмет 2020 жылы тексеріс бастағаннан кейін анықтаған.
Сот материалдарына сәйкес, ол 2023 жылдың қыркүйегінен бері 11 қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылған.
2024 жылдың наурызында ол эксгибиционизм бабы бойынша кінәлі деп танылып, 18 ай қоғамдық жұмысқа тартылған және бес жылға жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар тізіміне енгізілген.
Сондай-ақ Каддур-Шериф 2024 жылдың наурызында полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын және кокаин сақтағанын мойындаған.