08.11.2025, 20:41
Жаңалықтар
Қар жауып, көктайғақ болады: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде қар, көктайғақ және тұман күтіледі
Фото: istockphoto.com
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде қар, көктайғақ, тұман және желдің күшеюі күтіледі. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада жаңбыр аралас қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ және күшті жел болады.
Орал мен Атырау облыстарында тұман күтіледі.
Ақтөбе мен Жезқазғанда желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.
Тараз қаласында, Жамбыл мен Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с шамасында болады.
Көкшетау, Петропавл, Қарағанды қалаларында, Ұлытау, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман және екпінді жел күтіледі.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды