Екібастұздағы өрт: ішімдік ішкен үш әйел мен үш ер адам тірідей жанып кетті
Өрт сөндірушілер жеткенде жер үй алапат өртке оранған

Екібастұзда алапат өрттен көз жұмған 6 адамның ішімдік ішіп отырған жерінде көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ТЖД мәліметіне сүйенсек, өрттің алдын ала себебі – от жаққанда қауіпсіздікті сақтамау. Тергеу мәліметінше, қайғылы оқиға қарсаңында шаруашылық қызметкерлері ішімдік ішіп отырған.
Өрт сөндірушілер келген сәтте жер үйді алапат өртке оранып, шатыры құлаған. Қызыл жалын жақын маңдағы шаруашылық құрылыстарға тараған.
«Өрт болған кезде үй ішінде жеті адам болған. Оқиға орнынан үш әйел мен үш ер адамның мәйіті табылды. Барлығы – шаруашылықта жұмыс істеген адам.
Бір ер адам өз күшімен сыртқа шығып үлгерген. Ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өрттің нақты себебі анықталуда», – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Екібастұзда жер үй мен шаруа қожалығы алапат өртке оранып, бір отбасының алты адамы көз жұмғаны, артынша полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғағаны хабарланған.