09.10.2025, 14:33
Жаңалықтар
Туған қызын 8 жыл бойы зорлап келген: Талдықорғанда ер адам өмір бойына сотталды
Оны әйелі кезекті зорлау үстінде ұстап алған
Фото: freepik.com
Талдықорғанда туған қызын 8 жылдан бері зорлап келген педофил әке өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қыз бала туған әкесінен қорқып, басына түскен қайғысын біреуге айтудан қорыққан. Себебі әкесі анасын және бауырларын өлтіремін деп қорқытқан.
Бұл қылмыс әкесі кезекті рет қызын зорлап жатқан жерінен анасы үстінен түсіп, ұстап алған сәтте ғана ашылған.
Сот барысында педофил әке кінәсін мойындамағанымен, сараптама нәтижелері мен куәгерлердің айғақтары оның кінәсін толық дәлелдеді.
Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы («Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша кінәлі деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)