$ 546.96  642.73  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да әйел адам күйеуінің қылмысын жайып салды: осыдан кейін ол түрмеден бір-ақ шықты

Cотталған ер адам қадағалау білезігін шешіп тастап, түнде қонаққа барып жүрген, ал шындықты әйелі айтты

ШҚО-да әйел адам күйеуінің қылмысын жайып салды: осыдан кейін ол түрмеден бір-ақ шықты
Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азамат электронды қадағалау білезігін шешіп тастап, түнде қонаққа барып жүрген. Алайда жүйені алдап кету мүмкін болмады. Оны бұл қылығын әйелі әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірлік ҚАЖ департаментінің мәліметінше, Шемонаиха ауданында есепте тұрған және электронды білезігі бар сотталған адам режимді өрескел бұзған.

«Электронды қадағалау құралын таққан сотталған жүйені алдай аламын деп ойлаған. Бірақ оның жоспары қарапайым қоңырау мен тексеріс кезінде әшкере болды», – делінген хабарламада.

Пробация қызметінің инспекторы мониторинг арқылы сотталғанның үйінде екенін көрген. Алайда орнына барған кезде үйіде тек білезік тұрғаны, ал азаматтың өзі болмағаны анықталды.

«Әйелі әңгіме барысында шындықты жасырмай айтты. Оның сөзінше, күйеуі білезікті өзі шешіп тастап, екеуі бірге түнде қонаққа барған, сондай-ақ достарымен де кездесуге шығып жүрген», – деп мәлім етті ведомство.

Режимді өрескел бұзғаны себепті сотталғанды жазасын қатаңдатылған түрде өтеу үшін бас бостандығынан айыру орындарына жіберді.

Сонымен қатар, қадағалау білезігін шешу кезінде оның бүлінгені анықталған. Осыған байланысты сотқа мемлекет мүлкін бүлдіргені үшін келтірілген шығынды өндіру туралы материал жолданды.

Серіктес жаңалықтары