03.10.2025, 07:40
Жаңалықтар
Абай облысында мас жүргізуші полицейлерден қашып кетпек болды (ВИДЕО)
Оқиға Бородулиха ауданында болды
Фото: Видеодан скрин
Абай облысының Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, мас жүргізуші тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бородулиха ауданына қарасты Жезкент ауылында тәртіп сақшылары 33 жастағы Mazda жүргізушісін ұстады. Ол полицейлерден қашып кетпек болған. Оның артынан қуғын ұйымдастырылып, кейін көлікті тоқтатуға мүмкіндік туды.
«Жүргізуші медициналық куәландыруға жіберілді. Тексеру оның орташа дәрежеде мас болғанын растады.
Сот ереже бұзушыға 15 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындап, жүргізуші куәлігін 7 жылға айырды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды